Қайрат Боранбаев пен сыбайластарына қатысты жаңа апелляциялық үкім шықты
Астана қалалық соты кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісіммен бірге келіп түскен Қайрат Боранбаевқа және басқаларға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Elorda.info
Келісу ісін жүргізу барысында Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Таир Жанұзақ процестік келісімді өз еріктерімен жасасқандарын, кінәні мойындайтындарын, іс бойынша айыптау мен дәлелдемелер, келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы дауласпайтындарын растады.
Жәбірленуші «QazagGaz» ҰК» АҚ өкілі 14 млрд. теңгеден астам залалдың толық өтелгенін растады.
Сот мына мән-жайларды анықтады:
Процестік келісім жасасу тәртібі сақталған және ол заң талаптарына сәйкес келеді. Әркімнің қылмыстық рөлі ескеріле отырып, Қ. Боранбаев және Р. Наханов ұрланған ақшаға иелік етіп заңдастырған, ал Т. Жанұзақ басшылықтың заңсыз нұсқауларын орындаған. Ол осы орайда қылмыстық жолмен табыс таппаған. Сотта прокурор Қ.Боранбаев пен Р. Нахановтың әрқайсысын 6 жылға бас бостандығынан айыруды, ал Т.Жанұзақты 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады,- деп жазды Астна қаласы сотының баспсөз қызметі.
Апелляциялық сатыдағы сот процестік келісімнің шарттарымен келісті. Сот процестік келісімде көрсетілгеннен артық қатаң жаза тағайындауға құқылы емес.
Сот үкімімен Қ.Боранбаев пен Р. Наханов кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың 5 млрд. теңгеден астам мүлкі тәркіленді.
Т. Жанұзақтың атқарған рөлін, сондай-ақ сот белгілеген тәртіппен жас балаға қамқорлық жасап отырғанын, оның денсаулық жағдайын ескере келіп, сот оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды,- деп жазды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.