Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекетке өтті
Оның үлесі бар Phystech II мұнай компаниясының акционерлері өз акцияларының 100 пайыз үлесін ел қазынасына қайтаратындықтарын ресми мәлімеді деп хабарлады Elorda.info
KASE Қазақстан қор биржасының ресми сайтының хабарлауынша, Phystech II АҚ (Ақтау қаласы) акционерлері 4 қазандағы кезектен тыс жалпы жиналысында "акционерлік қоғамның 13 749 100 акциясын мемлекетке (мемлекеттік органдардың балансына) ерікті түрде және ақысыз өткізу" туралы шешім қабылдаған.
Олардың жалпы сметалық құны 35 417 122 000 теңгені құрайтыны атап өтілді. Сайттағы ақпаратқа сәйкес Phystech II акцияларының 99,28 пайызы "ҚазСтройПроект-А" компаниясына, ал 0,72 пайызы Қайрат Боранбаевқа тиесілі.
Сондай-ақ компанияның құжаттарында "Phystech II" АҚ 2015 жылы құрылғаны, ол көмірсутектерді барлау, өндіру және сатумен айналысатыны көрсетілген.
-->