Оқиға

Адам ағзасын сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысының Полиция департаменті прокуратураның үйлестіруімен адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Келісім сомасы 6-10 миллион теңге аралығында болған.  Анықтау, тексеру кезінде осындай сегіз дәйек анықталды.

Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. 

Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынған. 

ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша «Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

-->

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметі 22 адамнан тұратын  (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) қылмыстық топты ұстады.  Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен, - делінген ақпаратта. 