Оқиға

Абай облысының тұрғыны 44 жылдан бері құжатсыз жүрген

Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілік болмағандықтан жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған деп хабарлады Elorda.info 

Polisia. kz сайтының жазуынша Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жылдан бері құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінген.

 Жеке куәлікке қол жеткізген аудан тұрғыны қуанып, тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

-->

Polisia. kz сайтының жазуынша Көкпекті ауданының полиция бөліміне 44 жылдан бері құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінген.

Өзінің айтуынша ол ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген. 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған. Алайда, қажетті анықтамаларды жинап жүргенде, ескі төлқұжатын да жоғалтқан. Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды. Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге көмектесті. Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнеткерлікке шыға алады, - делінген дереккөз таратқан ақпаратта. 

 Жеке куәлікке қол жеткізген аудан тұрғыны қуанып, тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.