Абай облысында жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн теңге қаражат өндірілді
Абай облысында жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн теңге қаражат өндірілді, деп хабарлады Elorda.info.
Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.
-->Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.
Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды. Прокуратураның актісі бойынша келісім-шарттарды тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді, - деп жазды Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.