Абай облысында тағы да орман өртеніп жатыр
Абай облысында «Семей орманы» өртеніп жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов аттанды деп хабарлайды elorda.info
ҚР ТЖМ мәліметінше, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД "Семей орманы" МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).
Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды. Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.
Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.
-->

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы да жұмылдырылды,- делінген ведомство берген ақпаратта.