Оқиға

Ақтауда ММА спортшысының мәйіті табылды

Әлеуметтік желіде Ақтауда қоқыс контейнерлерінің жанынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Lada.kz жазуынша, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

«Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желі қолданушыларының мәліметінше, оның денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған.