Оқиға

Ақтауда бес күннен бері 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Ақтау қаласының маңында 15 жастағы қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен. Ол Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. 

Іздеу жұмыстарын полицейлер мен еріктілер бірлесіп жүргізуде.

Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.