Оқиға

Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1400-ге жуық адам сотталды

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 1 396 адам сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Kaz.inform.kz -ке сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталған. 

Сонымен қатар 12 азамат жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. 

-->

Ведомство ақпаратына сәйкес 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталған. 

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес мәліметтер жария етуге жатпайды. Дегенмен, аталған оқиғаға қатысқаны туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бүгінде 1 396 тұлға, оның ішінде 574 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін сотталды, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар 12 азамат жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. 

Осынау қайғылы оқиға кезінде 2 960 қару ұрланды. Оның 1 мыңнан астам табылды. Қалған қаруды іздеу жалғасып жатыр, – деп нақтылады Бас прокуратура өкілдері.