Оқиға

Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп тоңазытқышта сақтаған 2 адамға үкім шықты

Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басы мен іш-құрылысын тоңазытқышта сақтаған қос азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Адам өлтіргені үшін біреуі 11 жылға, ал қылмысты жасырғаны үшін екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Elordainfo.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Айуандықпен адам өлтіргендерге қатысты сот тез аяқталды. Осыдан екі апта бұрын сотталушылар алқа билердің үкіміне жүгінетінін айтқан еді. Сол уақыт аралығында алқа билер мүшесі іріктеліп, жауап алу да жылдам өтті.

Сот басталмай жатып бас бостандығынан айрылғандардың бірінің анасы баласынан безініп кеткенін мәлімдеді. Себебі оның бұрын да осындай сұмдыққа барғанын айтады.

Еске салсақ, қанды қылмыс өткен күзде Хромтау қаласында болған. Екі соталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішеді. Кейін өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған. Ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған.

Қылмыскерлер бұған дейін де істі болып түрмеге отырып шыққан.