Ақтөбеде шетелдіктер 18 заңсыз кәсіпорын құрған
Ақтөбе облысында шетел азаматтары заңнама талаптарына қайшы, қандай да бір рұқсат құжаттарсыз коммерциялық кәсіпорындар құрған, деп хабарлады, Elorda.info
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бизнес-иммигрант ретінде кіруге виза алмаған шетелдіктерге заңды тұлға құруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың қатысушыларының құрамына кіру жолымен коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.
2020 жылы Украина елінің азаматы тиісті рұқсатсыз (бизнес-иммигрант визасы) мемлекеттік органдарда жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, тіркелген. Серіктестікпен қызметін жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік бюджетке қандай да бір салық төленбеген. Бұл кәсіпорындар жалған мәмілелер жасау және заңсыз алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін құрылған. Нәтижесінде бюджетке ешқандай салық түспеген, деп жазды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен талап беру жұмыстары жүргізілді. Артынан сот органдарының шешімі бойынша заңсыз құрылған 18 коммерциялық кәсіпорын таратылды.