Оқиға

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі қамауға алынды

Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласына барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын ұрлаған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды.

1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды.

Баласының тәрбиесіне бей-жай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция барлық ата-ананы бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.