Оқиға

Ақтөбеде ауыл халқы Есет батыр кесенесінің астынан мұнай өндіруге наразы

Мұнай өндірумен айналысатын «КазНефтеГазПроект»  компаниясына Ақтөбе су қоймасының бөлігі мен Алға ауданынан үлкен жер телімі бөлінген. «Елек» деген өндірістік аймақта Бестамақ, Бесқопа, Самбай ауылдары орналасқан, деп хабарлады Elorda.info MNU Newsroom басылымына сілтеме жасап.

Компания мен Энергетика министрлігі «Елек» территориясындағы мұнайды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқан. Құжат бойынша 6 жылдың ішінде барлау жұмыстары нәтиже бермесе, мұнай өндірілмейді. Жер қойнауын зерттеу үшін былтыр қараша айынан биылғы ақпанға дейін 2D сейсмикалық зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған болатын. Бірақ жергілікті халық наразылығынан жұмыс жоспары кешігіп жатыр.

«Елек» территориясындағы ауыл тұрғындары келісім туралы естігеннен бастап бұл шешімге наразылық танытқан. Ақтөбеліктер барлау жұмыстары өңірдің экологиясын бұзуға алып келуі мүмкін екенін айтады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл аумақта әйгілі Есет батыр кесенесі орналасқан. 

«КазНефтеГазПроект» компаниясы өз жұмысын халыққа түсіндіру үшін былтыр 11 тамыз күні Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткізді. Кездесуге қатысқандардың басым бөлігі мұнайды барлауға, оны кейін өндіруге наразы болған. Мұны Ақтөбе облысының экология департаменті ескеріп, жобаны кері қайтарған.

Бестамақ ауылының тұрғындары осыған дейін де қауіп төндіруі мүмкін жобаларға қарсы шыққан. Мысалы, ауыл маңынан өтетін қалааралық тасжолдың салынуына тосқауыл жасаған. Себебі көлік көбейсе, далада ойнайтын балаларға қауіп төнуі ықтимал екенін алға тартқан.

Келісімге сәйкес, «КазНефтеГазПроект»  компаниясы алдағы 6 жыл барлау жұмыстарымен айналысуға тиіс. Ал мұнай бары анықталса, оны өндіру жұмысы басталып кететіні анық. Қара алтын өндірісі ауыл өміріне экономикалық серпін бергенімен, экологиялық залал алып келуі де бек мүмкін. 

2023 жылы 3 қарашада алматылық компания ауыл халқының қатысуымен екінші тыңдау өткізді. Тыңдау хаттамасындағы мәліметте ауыл тұрғындарының "барлау" деп компания нақты қандай әрекеттерді меңзейтінін сұрағаны жазылған. Алға ауданының әкімі Нұрбол Бақытжанов барлау арқылы өңірде қандай қазба байлықтарын бары анықталатын айтқан.

YouTube желісіне салынған сол тыңдау видеосында Бестамақ ауылының тұрғыны Күләш Ділжанова ауылдың экологиясы онсыз да нашар екенін, өндіріс басталса, ауылдың әл-ауқаты артып, тіпті, болашақта қала статусын алу ықтималдығы барын айтқан. 

Екінші тыңдауға 41 адам қатысқан. Оның 35-і компанияның барлау жұмыстарын бастауды мақұлдап дауыс берген. Десе де, Ақтөбе облысы әкімдігінің экология департаменті жиынға келген адамдар саны аз деп, тағы да рұқсат бермеген. 

Алға ауданы әкімдігі MNU Newsroom тілшісіне қоғамдық тыңдауда және әлеуметтік желілерде тыңдауға қатысқан адам санының аздығынан наразылық туындап, тұрғындар қайта өткізуді сұрағанын айтты. 

«Мұны ескеріп Ақтөбе облысының экология департаменті компанияға барлау өткізуге рұқсат бермеді», – деді әкімдік өкілі.

Өңірдегі мұнай қорын зерттеуге қарсы шыққандар ауылдың экологиясы таза болғанын, ұрпақтары батырдың кесенесін көргенін қалайды. Бірақ экономикалық өркендеуді құптайтындар да бар. 

Үш мыңнан астам адамы бар Бестамақ ауылы қарсы шыққан тағы бір жоба шошқа етін өндіретін ферма болған. Ол 10 жыл бойы өндірістік қалдықтарды ауыл маңына көміп келген. Сол кезде келтірілген залалды өңірлік сот 7 млрд-қа бағалады.

Әрбір ақтөбелікке таныс Есет батыр кесенесі 1992 жылы оның 325 жылдығына орай тұрғызылған. Картада көрсетілген сейсмикалық зерттеу жұмыстары кесенені айналып өте алмайды.

Сондай-ақ, кесенеден 18 шақырым жерде "Күншуақ" балалар сауықтыру лагері орналасқан. 2018 жылы сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев уәде еткен бес лагерьден балалар игілігіне ұсынылған жалғыз лагерь – осы. Жылына 500-ге жуық бала ем алатын бұл мекеме де "Елек" мұнай барлау аймағына кіреді.

«Елек» бойында Ақтөбе су қоймасының оннан бір бөлігі шоғырланған. Онда Елек өзеніне құятын Байпақты мен Табантал өзендері бар. «КазНефтеГазПроект» компаниясы өзендерге "суы аз, дала зонасына жатады, жазда кебеді" деп сипаттама берген. Өңірдегі ауыл тұрғындары 56 шақырымға созылған, Елек өзеніне құятын ең үлкен өзендер жазда кеппейді дейді.

Жер қойнауын зерттеу барысында мұнай қоры анықталса, «Елек» территориясына 40 метрлік 34 ұңғыманы, кейіннен 3000 және 5000 метрлік тағы 2 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған. 

Бұл жұмыс осы жылдың ақпан айында басталып, жаз айларында аяқталуы керек болған. Ал ол ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылатын суды Байпақты мен Табантал өзендерінен тарту жоспарланған.

-->

Көптеген жыл бойы біз құс фабрикасы мен мал шаруашылығы кешенінен шыққан аммиактың өткір иісімен дем алдық. Бірақ екі кәсіпорын да сәтті жабылып, ауа тазарды. Бірақ қазір барлығы мұнай барлау туралы айтады. Мен болашақта мұнай мен газдың иісімен дем алғым келмейді", – дейді қоғамдық тыңдау кезінде Бестамақ тұрғыны Ерлан Болат.

2023 жылы 3 қарашада алматылық компания ауыл халқының қатысуымен екінші тыңдау өткізді. Тыңдау хаттамасындағы мәліметте ауыл тұрғындарының "барлау" деп компания нақты қандай әрекеттерді меңзейтінін сұрағаны жазылған. Алға ауданының әкімі Нұрбол Бақытжанов барлау арқылы өңірде қандай қазба байлықтарын бары анықталатын айтқан.

YouTube желісіне салынған сол тыңдау видеосында Бестамақ ауылының тұрғыны Күләш Ділжанова ауылдың экологиясы онсыз да нашар екенін, өндіріс басталса, ауылдың әл-ауқаты артып, тіпті, болашақта қала статусын алу ықтималдығы барын айтқан. 

Халықты түсінсем бұйырмасын. Адамдар экология мәселесін ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын ашқысы келіп отыр. Бестамақта экология құс фабрикасының кесірінен бұзылды. Мұнда өндіріс болғаны есімде. Кеңес кезінде табыстың 1 пайызын экологияға залал есебінде бізге төлеп отырды, – деді ол жиын барысында. 

Екінші тыңдауға 41 адам қатысқан. Оның 35-і компанияның барлау жұмыстарын бастауды мақұлдап дауыс берген. Десе де, Ақтөбе облысы әкімдігінің экология департаменті жиынға келген адамдар саны аз деп, тағы да рұқсат бермеген. 

Алға ауданы әкімдігі MNU Newsroom тілшісіне қоғамдық тыңдауда және әлеуметтік желілерде тыңдауға қатысқан адам санының аздығынан наразылық туындап, тұрғындар қайта өткізуді сұрағанын айтты. 

«Мұны ескеріп Ақтөбе облысының экология департаменті компанияға барлау өткізуге рұқсат бермеді», – деді әкімдік өкілі.

Өңірдегі мұнай қорын зерттеуге қарсы шыққандар ауылдың экологиясы таза болғанын, ұрпақтары батырдың кесенесін көргенін қалайды. Бірақ экономикалық өркендеуді құптайтындар да бар. 

Үш мыңнан астам адамы бар Бестамақ ауылы қарсы шыққан тағы бір жоба шошқа етін өндіретін ферма болған. Ол 10 жыл бойы өндірістік қалдықтарды ауыл маңына көміп келген. Сол кезде келтірілген залалды өңірлік сот 7 млрд-қа бағалады.

Әрбір ақтөбелікке таныс Есет батыр кесенесі 1992 жылы оның 325 жылдығына орай тұрғызылған. Картада көрсетілген сейсмикалық зерттеу жұмыстары кесенені айналып өте алмайды.

Сондай-ақ, кесенеден 18 шақырым жерде "Күншуақ" балалар сауықтыру лагері орналасқан. 2018 жылы сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев уәде еткен бес лагерьден балалар игілігіне ұсынылған жалғыз лагерь – осы. Жылына 500-ге жуық бала ем алатын бұл мекеме де "Елек" мұнай барлау аймағына кіреді.

«Елек» бойында Ақтөбе су қоймасының оннан бір бөлігі шоғырланған. Онда Елек өзеніне құятын Байпақты мен Табантал өзендері бар. «КазНефтеГазПроект» компаниясы өзендерге "суы аз, дала зонасына жатады, жазда кебеді" деп сипаттама берген. Өңірдегі ауыл тұрғындары 56 шақырымға созылған, Елек өзеніне құятын ең үлкен өзендер жазда кеппейді дейді.

 Зерттеу деректері бойынша біз тиісті бақылаушы органға есеп бердік және олардан қорғау аймақтарын сақтау жөніндегі барлық талаптарды қатаң сақтай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім алдық, – деді «КазНефтеГазПроект» өкілі Гүлмира Құлымбетова. 