Ақтөбе облысында видео түсіру үшін жол ережесін бұзғандар анықталды (ВИДЕО)
Ақтөбе облысында полицейлер әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтерді зерделеп, ондағы жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаларды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Видеодағы азаматтардың әрекеттері құқыққа қайшы болғандықтан, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу – әкімшілік, ал кей жағдайда, тіпті қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Тренд үшін заң бұзуға болмайды.