Ақтөбе облысында әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді
Ақтөбе облысындағы шекара заставасында әскери қызметкер өзіне бекітілген қарумен әріптесін атып өлтірді, деп хабарлады Elorda.info.
Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін Б. есімді әскери қызметші әріптесі Ж.-мен (ол да келісімшарт бойынша әскери қызметші болған) сөзге келіп қалып, өзіне бекітілген қарудан оған оқ атқан. Соның салдарынан Ж. жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, - деп көрсетті Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы.
Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір әскери қызметкер ұсталды.