Оқиға

Ақтөбе облысында екі күдікті 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған

Полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Ырғыз өзенінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында шаяндарды заңсыз аулағаны екі азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілерден мыңнан астам шаян, резеңке қайық, төрт шаян аулауға арналған құрал тәркіленді.

Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Келтірілген залал анықталып жатыр.