«Жылы киімсіз көшеде қалдырған»: Ақсу қаласында қарттарды азаптаған пансионат қызметкері сотталды
Ақсу қаласында «Қамкор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсетіп, көпшілік аоасында резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот отырысы Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесін басшылыққа алды, онда зорлық-зомбылық фактілері тіркелген.
«Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырып, қатты тоңу мен азап шегу қаупіне ұшыратқан», - деп жазылған хабарламада.
Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.