АҚШ-тан Алматыға жіберілген сәлемдемеден күдікті зат табылды
Алматыда полиция шетелден келген сәлемдемеден есірткіні анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы полициясы сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.
Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны анықталады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.