Ақмола облысының тұрғыны жасырын марихуана өсіру зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды
2024 жылдың қараша айында Ерейментау ауданы прокуратурасының нұсқауы бойынша полиция ауланы аралау барысында жасырын марихуана өсіретін фито-зертхананы анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, ауданның 36 жастағы тұрғыны жалдамалы үйде марихуана өсірумен айналасатыны анықталды.
«Үйді тінту кезінде қарасора бұталары бар 59 құмыра, марихуана тұқымдары, электронды таразылар, ультракүлгін шамдар, термометрлер, жылытқыштар, салқындатқыштар және басқа жабдықтар табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тінту барысында алынған өсімдіктерде есірткі заттары анықталған», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәлі тұлға мойындау айғақтарын беріп, прокурормен іс сотқа жіберілген.
Аудан сотының үкімімен ол қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.