Оқиға

Ақмола облысының екі ауданында тұтанған шөп өрті сөндірілді

Бүгін Бурабай ауданында Жаңажол ауылының шетінде көлемі 4 тонна шөп және Целиноград ауданы Оразақ ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 2,5 тонна көлемінде шөп орамы өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Құтқарушылардың қабылдаған шаралардың арқасында екі аумақтағы өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.  

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.