Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған,деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz телеграмм арнасына сілтеме жасап.
Оқиғаны сараптау кезінде Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
-->

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды,-делінген полиция таратқан мәліметте.