Оқиға

Ақмола облысындағы жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақмола облысы Сабынды ауылындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Сабында ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратында болған жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті. Олардың 13-і ересектер, ал үшеуі балалар. Алдын ала қойылған диагноз түрлі дәрежедегі термиялық күйік», - деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Жарақат алғандардың барлығына тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге саламыз, бүгін Ақмола облысында мешітте жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.