Оқиға

9 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды

Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген азамат «К» ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлады Elorda.info

Бас прокуратураның хабарлауынша аталған азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана болды.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды,- жделінген хабарламада.

Жоғарыда аталған қылмыс жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл нәтижеге біздің мемлекеттер арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің, сондай-ақ Бас прокуратураның Түркияның құзыретті органдарымен мақсатты жұмысының арқасында қол жеткізілді.  Түрік елі тарапынан қылмыс үшін жазаның бұлтартпасытығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін толық қолдағанын атап өткен жөн, - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.