ҰҚК қызметкерлері ірі есірткі арнасының жолын кесті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.
ҰҚК қызметкерлері Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін тексерді.
Комитет өкілдері есірткі тасымалдаушыларды ұстау барысында қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдары мен GPS-пен жабдықталған шағын, жылдам жүретін кемелерді пайдаланды.
2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.
Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді.
Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жолымен жүзеге асырылды.
Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 келіден астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды.
-->

Осы іс бойынша материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара әрекеттесе жүргізілуде, — делінген хабарламада.