Астанада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адамға үкім шығарылды
«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Кінәліге үкім шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.
2023 жылғы 2 ақпанда Ш. деген азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.
17 наурызда сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
-->«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Кінәліге үкім шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.