Оқиға

Астанада бірнеше адамды алдаған алаяқ ұсталды

Астана полицейлері бірнеше адамды алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарыарқа ауданының полицейлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет желісінде бірнеше азаматты алдаған елорданың 30 жастағы тұрғынын анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам интернет арқылы қаражатты инвестициялау сылтауымен адамдарды алдаған. Мәселен, күдікті әлеуметтік желіде жалған жарнама орналастырып, ақшасын инвестициялауға көмектесемін деген желеумен 42 жастағы қала тұрғынының 62 мың теңге ақшасын иемденген.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағындағы алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

-->

Жәбірленушілер ақшаны әртүрлі банктердің мобильді қосымшаларына аударған. Алаяқтық ойын іске асыру үшін ер адам басқа біреудің банктік карталарын пайдаланған, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшаларын пайдалану мүмкіндігін алған. Күдікті басқа біреулердің банк карталарын Telegram арнасынан сатып алған, – делінген хабарламада.