Оқиға

Елорда тұрғыны кіреберістен бөтеннің велосипедін ұрлап кеткен

Елорда тұрғыны кіреберістен бөтеннің велосипедін иемденіп кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде велосипед ұрлады деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам кешкі уақытта қаланың тұрғын үй кешендерінің біріне келіп, 17 қабаттан бөтенге тиесілі Stern маркалы велосипедті еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткен. Екі дөңгелекті көліктің орнында жоқ екендігін иесі сыртқа шыққан кезде байқаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
 
-->