Оқиға

Елордада жұмыс берушінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды

Астанада жұмыс берушінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, өзінің жеке клиникасының қызметкері үйіне келіп кеткеннен кейін зергерлік бұйымдардың жоғалғанын айтып, арызданған.

21 жастағы жігіт жәбірленушінің үйіне барғаны анықталды. Күйші Дина көшесіндегі пәтерде ол үй иесінің көрші бөлмеге кеткенін пайдаланып, сөреде жатқан алтын бұйымдарды ұрлаған. Жас жігіт жалпы құны 500 мың теңгеге жуық білезік, кулон, сақина және сырға ұрлаған.

Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жас жігітті анықтады. Қаскүнем өзінің кінәсін жоққа шығармайды, ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізген.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

-->