30 тонна шөп өртеніп кетті: ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасады
Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облыстарында бір уақытта қысқа деп жиналған шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
ТЖМ күштерімен 2 тоннадан бастап, 30 тоннаға дейін болатын шөптердің барлығын сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
«ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады», - делінген хабарламада.