«Ата-анасы, атасы мен әжесі мас»: Ақтөбеде 1 жасар сәби аштан өлген (ВИДЕО)
Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды. Еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар баланың қайтыс болғанын, оның қасында 4 жасар ағасы аш құрсақ жүргенін, сондай-ақ мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған, деп хабарлады Elorda.info «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ерікті Екатерина Голотина Zello Poisk командасымен бірге 4 жасар баланы құтқарып қалған. Бірақ олар бұған дейін де бұл отбасына барған. Қазанда Zello Poisk еріктілер тобына осы отбасы туралы алғаш рет арыз түскен. Онда кішкентай балалар ішімдікке құмар ата-анасымен бірге тұратыны және оларға қауіп төніп тұрғаны айтылған.
Сол кезде балаларды «Үміт» балалар үйіне алып кеткен, бірақ олар ол жерде ұзақ болған жоқ. Еріктілер кейін көп ұзамай балалар отбасына қайтарылғанын, отбасы мекен жайды айтпай, көшіп кеткенін білген.
Ал ақпанда еріктілер кішкентай бала қайтыс болғанын білген.
Еріктілер әйелдің баласын жерлеуге уақыты болмағанына қапаланған.
-->Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды. Еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар баланың қайтыс болғанын, оның қасында 4 жасар ағасы аш құрсақ жүргенін, сондай-ақ мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған, деп хабарлады Elorda.info «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ерікті Екатерина Голотина Zello Poisk командасымен бірге 4 жасар баланы құтқарып қалған. Бірақ олар бұған дейін де бұл отбасына барған. Қазанда Zello Poisk еріктілер тобына осы отбасы туралы алғаш рет арыз түскен. Онда кішкентай балалар ішімдікке құмар ата-анасымен бірге тұратыны және оларға қауіп төніп тұрғаны айтылған.
Сол жерге бардық. Жағдай қорқынышты болды. Ата-анасы, атасы мен әжесі мас болып шықты. Олар бізге күрек алып жүгірді. Біз полиция, жедел жәрдем және қамқоршылық органдарын шақырдық. Олардың бұл үйге келуі бірінші рет емес екен. 8 айлық және 4 жастағы екі баланы көршісі тамақтандырып тұрған. Балалар арық болды, көздерінің асты көгеріп кеткен, аш болды. Анасы бізге кенжесі балалар тағамын жемейтінін, оны сумен және қантпен тамақтандыратынын айтты. Оның көз алдында балаға қоспа бердік, ал ол бірден іше бастады, – деді Екатерина Голотина.
Сол кезде балаларды «Үміт» балалар үйіне алып кеткен, бірақ олар ол жерде ұзақ болған жоқ. Еріктілер кейін көп ұзамай балалар отбасына қайтарылғанын, отбасы мекен жайды айтпай, көшіп кеткенін білген.
Ал ақпанда еріктілер кішкентай бала қайтыс болғанын білген.
Осы отбасындағы кішкентай бала қайтыс болғанын білдік. Біз мекенжайды тауып бардық. Көргеніміз қорқынышты болды, екі адам қан-жоса күйде үстел басында отырды. Олар төбелескен секілді. Анасының қолы кесілген. Ол бізге кішкентай баланың пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Оның денесі бөлмеде тұрды. Қарны аш үлкен бала жылап жатты. Біз барлық құзыретті органды шақырдық. Вова қайтыс болғаннан кейін де ешкім бұл отбасына назар аудармағаны мені таңғалдырды. Біз жағдайды білмесек, оған араласпасақ, бұдан әрі не болатынын елестету қорқынышты. 4 жасар баланы мына тозақтан алып бара жатқанда, ол інісін оятып, бірге алып кетуді өтінді. Жантүршігерлік жайт. Көлікте бала тамақ беруімізді өтінді. Жүректі ауыртады. Құзыретті органдардың қайда қарап отырғанын, балаларды бұлай қалай қалдыруға болатынын түсінбеймін, – дейді ол.
Еріктілер әйелдің баласын жерлеуге уақыты болмағанына қапаланған.
Олардың бәрі мас болды, жерлеу рәсімі келесі күнге ауыстырылды. Бірақ келесі күні ештеңе өзгерген жоқ, қамқор адамдар жерледі. Зиратта ата-анасы болған жоқ, – дейді ол.