Оқиға

Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін қашан жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info

BoxRec мәліметінше, Ж.Тұраровтың келесі жекпе-жегі бұрын айтылғандай 18 наурыз емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.

Жанқоштың қарсыласы – Алехандро Менесес (16-5, 9 КО) мексикалық боксшы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Еске салайық, Жанқош Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта жеңіп, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.

Менесес соңғы рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.

-->