Оқиға

Астанада жалдамалы жұмысшы құрылыс материалдарын ұрлап кетті

Астанада жалдамалы жұмысшы құрылыс материалдарын ұрлап кетті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Naimi.kz қосымшасы арқылы жалдаған жұмысшыға қатысты арызбен полицияға жүгінді. Жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істейтін 39 жастағы ер адам Кубрин көшесіндегі пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ол құрғақ құрылыс қоспалары салынған қаптарды және құрал-саймандарды ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын шамамен 816 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен ер адам анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын-соңды жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

-->