Елордада ер адам жаңа танысының телефонын ұрлады
Елордада ер адам жаңа танысының телефонын ұрлады, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
Астаналық тұрғын Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан дәмханаға кешкі уақытта келіп, көңіл көтеруге келген қонақтың бірін әңгімеге тартқан. Әлгі бейтаныс жігітпен алкогольдік сусын ішіп, оның сеніміне кіріп алған алаяқ, шұғыл қоңырау шалу керек деген сылтаумен, оның Huawei 9 телефонын сұрап алған. Жәбірленуші дәретханаға кеткен сәтте, 31 жастағы азамат дәмханадан шығып, белгісіз бағытқа қаша жөнелген. Жәбірленушінің өзі полицияға алаяқтық туралы хабарлады. Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Ақмола облысының тумасын анықтады. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас бұрын-соңды жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
-->