«Жезөкшесің»: Түркістан облысында басшысына ашуланған мұғалім өзін өлтірмек болды
Түркістан облысындағы мектептердің бірінде сірке суын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған мұғалімнің ісіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, намысы тапталған қызметкер басшылық тарапынан қысым көргенін айтып шағымданған.
Ал мектеп директоры кінәлілер қылмыстық іс тергеліп болған соң заң талабына сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Оған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сарыағаш ауданына қарасты мектептердің бірінде мұғалім директор орынбасарының сөзінен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін де түрлі себеппен «тиісіп келген» орынбасардың үстінен бойжеткен өткен жылдың қыркүйек айында құқық қорғау органына арыз жазыпты. Оның айтуынша, өзінен лауазымы жоғары әріптесіне шындықты айтқаны жақпай қалған.
Ал аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жәбірленушінің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.
Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығып кеткенін айтты.
-->Түркістан облысындағы мектептердің бірінде сірке суын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болған мұғалімнің ісіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, намысы тапталған қызметкер басшылық тарапынан қысым көргенін айтып шағымданған.
Ал мектеп директоры кінәлілер қылмыстық іс тергеліп болған соң заң талабына сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Оған қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Сарыағаш ауданына қарасты мектептердің бірінде мұғалім директор орынбасарының сөзінен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін де түрлі себеппен «тиісіп келген» орынбасардың үстінен бойжеткен өткен жылдың қыркүйек айында құқық қорғау органына арыз жазыпты. Оның айтуынша, өзінен лауазымы жоғары әріптесіне шындықты айтқаны жақпай қалған.
Мен арыз жазғаннан кейін ұжым алдында жиналыс жасап, мені балағаттап, ар-намысыма тиді. Ол айтқан сөздерді қайталауға қиналамын. Бірақ айтуға тура келеді. Көптің көзінше мені «жезөкше» деп атады. Мен сол сөзге лайықтымын ба? 6 жылдан бері намысымды таптап келеді. Ашуландым. Дәл сол кезде ойыма сірке суынан өзге ешнәрсе келген жоқ. Өлгім келді, – деді жәбірленуші.
Ал аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, жәбірленушінің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.
Науқастың ауыз қуысы күйген, қаны аз. Тиісті емін қабылдап жатыр. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, – деді Сарыағаш аудандық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Әбілмәженова.