Көлігіне ағашпен жағылатын пеш жасап алған зейнеткер ұсталды
Жеңіл көлігіне ағашпен жағылатын пеш жасап алған алматылық зейнеткер айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы көшелерінің бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. 68 жастағы көлік иесі машинасының артқы жағына пеш орнатып алған, екі жағында газ баллондары бар. Бағдаршамға тоқтаған бойда ол көлігінен түсіп, лаулап жатқан пештің ішіне тағы ағаш салады.
Полицейлер видеодағы «өнертапқышты» анықтап, ұстады. Аталған тұрғын көлігін өз бетінше өзгертіп, бұған дейін де ұсталғаны белгілі болды.
-->Жеңіл көлігіне ағашпен жағылатын пеш жасап алған алматылық зейнеткер айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы көшелерінің бірінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. 68 жастағы көлік иесі машинасының артқы жағына пеш орнатып алған, екі жағында газ баллондары бар. Бағдаршамға тоқтаған бойда ол көлігінен түсіп, лаулап жатқан пештің ішіне тағы ағаш салады.
Полицейлер видеодағы «өнертапқышты» анықтап, ұстады. Аталған тұрғын көлігін өз бетінше өзгертіп, бұған дейін де ұсталғаны белгілі болды.
Көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіні анықтауға бағытталған тексеру шаралары аясында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша материал жинақталды. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы автокөлік жүргізушісі салонның ортасына ашық отты пеш жасап, екі жағына газ баллондарын орналастырған. Мұндай көлікті басқару – ең алдымен, оның иесіне, жолаушыларға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні анық, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.