Астанада «ГАЗель» көлігі түгі қалмай өртеніп кетті
Елордада жүк көлігі өртеніп, салдарынан жүргізушіні термиялық күйік шалған, деп хабарлады Elorda.info қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне «ГАЗзель» көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сағат 08.22-де сөндірілді.
Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-ның 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Ведомство жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын мәлім етті.
Көбіне өрттің электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болады.
-->Елордада жүк көлігі өртеніп, салдарынан жүргізушіні термиялық күйік шалған, деп хабарлады Elorda.info қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.