Оқиға

Ақмола облысында әйел жаңа туған сәбиін өртеп жіберген

24 қаңтарда әйелден қан кете бастаған. Ол медициналық көмекке жүгінбей, түсік тастаған, деп хабарлады Elorda.info ІІМ-ге сілтеме жасап.

Нәрестеден өмір белгісін байқамаған анасы оның шетінегеніне сенімді болған көрінеді. Осыдан кейін ол нәрестенің денесін, қалдықтарын үй пешінде өртеп жіберген. 26 қаңтарда аудандық аурухананың дәрігері Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оқиға туралы хабарлаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (ананың жаңа туған баланы өлтіруі) бойынша тергеу амалдары басталды.

-->

Ананың ұрықты түсік тастап өлтіргені фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады полицейлер.