Елордада жөргек ұрлаумен айналысқан жігіт ұсталды (ВИДЕО)
Астаналық полицейлерге тұрмыстық тауар дүкендері желісінен көптеген ұрлық жасалғаны туралы бірнеше хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері сериялық ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы астаналықты анықтады. Жігіттің жасаған ұрлықтары бейнекамераларға түсіп қалған.
Сонымен күндізгі уақытта жас жігіт дүкенге кіріп, жөргектерді, балалар тағамы мен ұстара станоктарына арналған кассеталарды еш кедергісіз ұрлаған. Жігіт ұрланған тауарды кездейсоқ адамдарға сатып, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жас жігітке қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның елорда аумағында осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
-->Астаналық полицейлерге тұрмыстық тауар дүкендері желісінен көптеген ұрлық жасалғаны туралы бірнеше хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.