Оқиға

Ескертуге қарамай жолға шыққан жүргізуші 72 450 теңге айыппұл төлейтін болды

Оқиға «Балқаш-Алматы» тасжолында болған. Жүргізуші полицияның қалың қар жуып, жолдың жабық екенін ескерткен тәртіп сақшыларының нұсқауын елемей, көлігімен жүйткіп өте шыққан, деп хабарлады Elorda.info.

-->

ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет өкілінің талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Нәтижесінде құқық бұзушыға 72.450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды, - делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.