Оқиға

Елордада екі көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне автокөлік салонынан ақша мен екі ер адамның күртешесі ұрланғандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында автоұры таңертеңгі сағат 05.00 шамасында Жеңіс даңғылында тұрақта тұрған, құлпында ақауы бар Daewoo Nexia көлігін байқағаны анықталды. Есіктің тұтқасын тартып, көлікке кіріп, ақша ұрлаған. Сонымен қатар көлік иесінің сыртқы киімін де қоса алып кеткен.

Осыдан кейін қаскүнем тағы бір ұрлық жасаған. Бұл жолы ол өзінің тұрғылықты жері бойынша 187 көшенің бойында қылмыстық ойын іске асырған.

Үйдің ауласында ұзақ уақыт бойы “жүрмейтін” көлік тұрған. Volkswagen Passat көлігінде қауіпсіздік дабылының жоқтығын пайдаланып, ер адам құлыпталмаған есікті ашып, радио мен электр сорғысын алып шыққан, содан кейін капотты ашып, аккумуляторды алып кеткен. Кейін “Сәлем” базарында сатып жіберген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларына кірісіп, көп ұзамай оң нәтиже берді. 38 жастағы ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді.

Көлік құралына заңсыз кіру фактісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

-->