Оқиға

Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі келесі айға дейін ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, өткен жылы 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шекті.

-->

Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша 4 қаңтарда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды, сондай-ақ, А. - ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға, яғни 9 ақпанға дейін ұзарту санкцияланды, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.