Оқиға

Астаналық азамат компьютерлік клубта ноутбук ұрлады

Алматы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ноутбук ұрлады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, ер адам кешкі сағат 17.50 шамасында  Момышұлы даңғылында орналасқан компьютерлік клубта болған. Қаскүнем алдымен оның әрекетін байқап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, кейін ойын үстелінде тұрған «Арсер» маркалы ноутбукты сөмкесіне салып, әкімшінің қызметкерлер бөлмесіне шығып кеткен сәтті пайдаланып кубтан шығып кеткен. Келтірілген материалдық шығын сомасы 90 мың теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті сақ болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

-->