Оқиға

Астанада кассадан 1 млн теңге ұрлаған қыз ұсталды

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ақша ұрлады деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға елорда кафелері бірінің әкімшісі хабарласып, кассадан ақша ұрланғаны жөнінде арызданған.

Тергеу барысында анықталғанындай, жас қыз Достық көшесінде орналасқан кафенің кассасында жұмыс істеген. Біраз уақыт жұмыс істеп жүрген ол, кафе иесінің сеніміне кіріп, ешкім байқамай тұрғанда кассадан күнделікті жасырын ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн 100 мың теңгені құраған. 

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азаматша мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

-->