Оқиға

Астанада жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдердің үстінен іс қозғалды

Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

-->

Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімі жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған. Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды, - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.