Қарағандыда жұмысшы көмір тиелген вагонның астында қалып, көз жұмды
Аймақтық еңбек инспекциясының мәліметінше вагондар құрамы жолмен келе жатып, бұрылған кезде рельстен шығып кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
-->Аймақтық еңбек инспекциясының мәліметінше вагондар құрамы жолмен келе жатып, бұрылған кезде рельстен шығып кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған дерек бойынша Еңбек инспекциясы басқармасында комиссия тағайындалды. Қайғылы жағдайдың себебі тергеу нәтижесінде анықталады, – деді Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.