Жантүршігерлік жол апаты: 9 көлік бір-бірімен соқтығысқан
8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болып, 9 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасының жазуынша, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны ВАЗ 2109 көлігімен Chevrolet Cobalt автокөлігін және Volvo автокөлігін соққан. Содан кейін тағы 6 көлік бір-біріне соқтығысқан. Олар Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.
Жол апаты салдарынан 2 жүргізуші мен 7 жолаушы «Авиценна Бурабай» ЖШС-ға жеткізілді.
6 жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі – «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
-->8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болып, 9 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.