Оқиға

Елордада жалған курьер тұрғындардың 3,6 млн теңгесін қолды еткен

Астанада Яндекс мобильді қосымшасына тіркеліп, жеткізу қызметімен айналысамын деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды. Ол тапсырыс берушілердің 3 млн 600 мың теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының полициясы алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Ол тапсырыс берушіден өтінімді қабылдай отырып, дүкенге жаңа тауар алуға барған. Тауарды сол жерде сатып алғанымен, оны клиентке жеткізбеген. Ал алданған қала тұрғындары алаяқтың ұялы телефонына хабарласып ала алмаған.

Министрліктің мәліметінше, күдікті ұялы телефондар, ноутбуктар, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды иемденген.

-->

Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп мәлімдеді ІІМ.