Оқиға

Ақмола облысында мереке күндері ішімдік ішкен 37 жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында мереке күндері ішімдік ішкен 37 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ретте, полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары автокөлік иелерін күн райының өзгеруін қадағалауға, ескертулерге назар салуға, ал жолда қиын жағдайға тап болған жағдайда «112» және «102» телефондары бойынша құтқару қызметтеріне дереу хабарлауға шақырады.

-->

2022 жылдың 30 желтоқсаны мен биылғы 2 қаңтар аралығында Ақмола облысында 37 мас жүргізуші ұсталды. Тағы 4 автокөлік иесі жүргізуші куәлігінен айрыла отыра көлік жүргізді, сондай-ақ 9 адам жүргізуші куәлігінсіз рульге отырды. Сонымен бірге, 4 демалыс күні ішінде 50 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.