Биыл елордада 5,5 мыңға жуық ұрлық тіркелген
Астанада жыл басынан бері 5,5 мыңға жуық ұрлық тіркелді, бұл қылмыстардың жалпы санының 41%-ын құрайды, деп хабарлады Elorda.info.
Жасалған ұрлықтардың көп бөлігін бұрын сотталған немесе полицияда қылмыстық есепте тұрған, басқа қаладан келген адамдар жасайды.
2022 жылдың 11 айында ұрлық жасағаны үшін 2 109 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 401 адам топ құрамында ұрлық жасаған.
2020 жылдың соңынан бастап ІІМ кезекті "2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарлама" әзірленіп, бекітілді және онда ұрлықтың барлық түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін жүргізу көзделген.
Елорда аумағында орнатылған 27 мыңнан астам бейнебақылау камералары полиция қызметкерлерінің жұмысына үлкен көмек ретінде қызмет етеді. Бұл қылмыстарға жедел әрекет етуге және тез ашуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Полиция департаментіне "ҚазАвтоЖол" ақылы жолдардың бейнебақылау камераларын шығару бойынша қосымша жұмыс жүргізілуде.
-->Астанада жыл басынан бері 5,5 мыңға жуық ұрлық тіркелді, бұл қылмыстардың жалпы санының 41%-ын құрайды, деп хабарлады Elorda.info.
Жасалған ұрлықтардың көп бөлігін бұрын сотталған немесе полицияда қылмыстық есепте тұрған, басқа қаладан келген адамдар жасайды.
2022 жылдың 11 айында ұрлық жасағаны үшін 2 109 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 401 адам топ құрамында ұрлық жасаған.
2020 жылдың соңынан бастап ІІМ кезекті "2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарлама" әзірленіп, бекітілді және онда ұрлықтың барлық түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін жүргізу көзделген.
Соңғы жылдары бірнеше рет ұрлық жасағаны, сондай-ақ үй-жайларға заңсыз кіріп ұрлық жасағаны үшін жаза қатаңдатылды. Аталған белгілерді ауыр қылмыстар санатына ауыстыру, тараптардың татуласуына байланысты күдіктілердің жауапкершіліктен кету мүмкіндігін болдырмау арқылы жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етеді, - деп қорытындылады Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев.