Курьер елорда тұрғындарының бірнеше телефонын сатып жіберген
Астаналықтардың сатып алған 24 телефонын курьер талан-таражға салған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға тауарларды жеткізу компаниясының өкілі өтінішпен жүгініп, курьер сатып алушыларды алдап, телефондарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Тергеу барысында ЖШС қызметкері интернет-дүкеннен тауарларды жеткізумен айналыса отырып, клиенттерге 24 телефонды жеткізбегені анықталды. Бұл ретте алаяқ курьер құжатқа сатып алушылардың қолтаңбаларын қолдан жасап қойып, гаджеттерді сатып жіберген.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен телефондарды иемденген Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт үй қамауына алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полицейлер азаматтарға Қылмыстық кодекске сәйкес аталған қылмыс мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланатынын ескертеді.